{metadescription}
Азот фабрикасында жарылыс болды

Азот фабрикасында жарылыс болды

Түркияның Кутахия провинциясындағы азот фабрикасында жарылыс болды. 

Қуатты жарылыс Кутахия-Ескішехир тасжолының 7-ші шақырымында орналасқан азот фабрикасында болды. Жарылыстың күштілігі сондай, оның даусы қаланың бірнеше нүктесіне дейін естілген. Өндіріс орнының төбесінен сары түтін көрінген.   

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Кутахияның губернаторы Өмер Тораман айтты. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.