{metadescription}
Атырауда 6 жасар қыз желшешектен көз жұмды

Атырауда 6 жасар қыз желшешектен көз жұмды

Атырауда 6 жасар қыз желшешек жұқтырып, қайтыс болды.

«Алты жасар қыз бала ауруханада желшешектен қайтыс болды. Ол ауруханаға түскен кезде қалыптан тыс синдром жағдайында болды», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Желшешек - ауа арқылы жұғатын инфекциялық ауру. Онымен негізінен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Сырқаттың инкубациялық кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14-15 күнге созылады. Ауру басталғанда температура көтеріліп, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.