{metadescription}
Автобус каналға құлап, 30 адам қаза тапты

Автобус каналға құлап, 30 адам қаза тапты

Үндістанның Агра қаласындағы күре жолда автобус аударылды.

Апат салдарынан 30 адам қаза тапты және бірнеше адам жарақаттанды. Бұл туралы дүйсенбі күні News18 телеарнасы хабарлады. Телеарна деректеріне қарағанда, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан  ішінде 40 жолаушы болған автобус каналға құлаған. Қазіргі уақытта құтқару операциясы жүріп жатыр.

Еске салайық, Үндістандағы Уттар-Прадеш штатында жолаушылар мінген автофургон жүк көлігімен соқтығысып, кем дегенде сегіз адам мерт болып, тағы екеуі ауыр жарақаттанған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.