{metadescription}
Сотталған 14 адам наннан уланып көз жұмды

Сотталған 14 адам наннан уланып көз жұмды

Ховар - Тәжікстандағы түрмеге жабылған 14 адам наннан уланып қаза тапты.

Бұл туралы агенттікке елдің Әділет министрлігінің қылмыстық жазаларды орындау жөніндегі бас басқармасынан хабарлады. Ведомство таратқан хабарламаға сенсек, сотталған 120 ер адам мен 8 әйел үш машинамен Худжанд және Истаравшан қалаларынан елдің оңтүстігіндегі Душанбеде және Нұрек қалаларында жазасын әрі қарай өтеу үшін тасымалданған.

Жолда қамалғандардың бірі үш нанды таратып берген. Оны жегендердің жарты сағаттан кейін басы айналып, жүрегі айнып, құсқан. Автокөлік түзеу мекемесіне кірген кезде нанды жеген 16 адам есінен танып қалған.

Жедел жәрдем оқиға орнына жетіп, дәрігерлер тек екі адамның өмірін сақтап қалды. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, арнайы тергеу тобы құрылған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қылмыстық істі тергеу Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмонның бақылауында. Алдын ала нұсқа бойынша, ыстық күнде дұрыс сақталмаған нан улы саңырауқұлақпен көгерген болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.