Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Катамаранмен жүрген ақтаулық екі азаматты су алып кеткен
Теңізге қыдырып шыққан екі ер адам өз күшімен жағалауға қайта алмаған.
15:15 08.07.2019
Ақтау қаласының тұрғындары катамаранмен алысқа жүзіп кетіп, суға батып кете жаздады. Құтқарушылар оларды таңертең бірақ тапқан болатын. Катамаранмен теңіз бетінде жүзіп, кері қайтпай қалған ер адамдар туралы ақпаратты құтқарушылар 6 шілде түнде алған. Іздеу жұмыстары жүргізіліп, жоғалғандар 7 шілде күні таңертең табылды.
"Мас күйіндегі екі азамат катамаранмен Кендерлі шағын ауданына қарасты "Самал" демалыс орталығы маңында теңізге шыққан. Құтқарушылар оларды ертесі бірақ тапты", - дейді Маңғыстау облысы өртсөндіру және жедел құтқару департаментінің баспасөз хатшысы Рукия Сычаева.
Катамаранға мінген күйі бір түн бойы теңізде болған 55 жастағы азаматтар аман-сау демалыс орнына жеткізілді.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram