{metadescription}
Базар әжетханасынан жаңа туған нәресте табылды

Базар әжетханасынан жаңа туған нәресте табылды

Өзбекстанда Сұрқандария облысы Денау ауданының "Лолазор" базарындағы әжетханадан жаңа туған нәресте табылды.

7 шілдеде әлеуметтік желілер арқылы шақалақтың әжетханада жатқаны түсірілген видео жарияланды. Видеода дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен тағы бірнеше адам нәрестені құтқаруға талпынған сәті бейнеленген. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бала аман қалған, қазір ол Сұрқандария облыстық перинаталдық орталығында жатыр.

"Қыз бала, салмағы - 3500 грамм, бойы - 50 сантиметр. Дәрігерлер нәрестенің өмірі үшін күресіп жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.

Нәрестенің анасы базар аумағындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Құқық қорғау органдары ол әйелді іздеп тапқан.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.