Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақша алып қашқан Дубай басшысының әйелі оққағармен көңіл қосқан
Ақша мен балаларын алып, күйеуінен қашып кеткен Біріккен Араб Әмірліктерінің ханшайымы Хая күйеуінің көзіне шөп салған деп айыптаған.
18:02 08.07.2019
Дубайдың басшысы Мохаммед бин Рашид шейхтың алты әйелінің бірі 40 миллион доллар және 11 жастағы қызы мен 7 жастағы ұлын алып, Германияға қашып кеткен. Хая ханшайымды күйеуі Мохаммед бин Рашид оққағарымен Лондонға жасаған сапарында ұстап алған. Ол әйелінің қылығына таңқалып, өзімен бірге Дубайға қайтуын талап еткен. Ханшайым келісім бермегендіктен отбасы ажырасып жатыр.
Деректерге сүйенсек, 60 жастағы шейхтың 45 жасар әйелі британ армиясының бұрынғы әскері, өзінің оққағарымен көңіл жарастырған. Ол оққағарына көптеген сыйлық сыйлап, күдікке ілінді.
Еске салайық, Дубайдың билеушісі шейх Мохаммед бин Рашидтың әйелі, ханшайым Хая балаларымен бірге 40 миллион долларды алып қашып кеткен болатын.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram