Ақмола облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
Ақмола облысында ірі жол апаты болып, 6 адам оқиға орнында көз жұмды.
08:18 09.07.2019
Ақмола облысында болған ірі жол көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Трагедия дүйсенбіге қараған түні сағат 00:30-да Алматы – Екатеринбург тасжолының 1 093-ші шақырымында, Ягодное ауылының маңында болды.
"ВАЗ-2115", Volkswagen Golf және Mercedes ML-320 көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан алты адам көз жұмды. Тағы алтауы ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің аты-жөні анықталып жатыр.
«ҚР Қылмыстың кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп қосып өтті ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!