Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тамара Дүйсенова қызметінен кетті
Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметінен босатылды.
10:08 09.07.2019
Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты», - деп жазды Бауыржан Байбек.
Сонымен қатар ол нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram