{metadescription}
Қазақстанға қыдырып келген бала өлім аузынан қалды

Қазақстанға қыдырып келген бала өлім аузынан қалды

Ақмолалық құтқарушылар Ресейден қыдырып келген 9 жасар баланы құтқарды.

8 шілдеде Щучинск курорттық аймағындағы Малое Чебачье көлінде үрленген матрацпен жүзіп жүрген 9 жасар баланы күшті толқын көлдің ортасына қарай алып кетеді. Ата-анасы сағат 14:05-те құтқарушыларды көмекке шақырыпты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті. Бір минуттан соң құтқарушылар қайықпен аттанып, жеткіншекті құтқарып алды.

Балада құтқару жилеті болмаған. Ұлымен аман-есен қауышқан ата-ана жедел құтқару жасағына алғысын жаудырды. Кейінірек белгілі болғандай, туристер Ресей Федерациясынан демалуға келген екен.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде