Қостанайда тепловоз ер адамды қағып кетті
Тепловоз машинисі ер адамды соғып кетті.
13:43 09.07.2019
Оқиға 7 шілдеде болды. ТЖД кезекші бөліміне тепловоз машинисінің темір жол үстінде бөгде адамның тұруына байланысты шұғыл тежегішті қолданғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Машинист тепловозды тоқтата алмады. Нәтижесінде Қостанай қалалық ауруханасының жарақаттану бөліміне 1980 жылы туған ер адам түсті. Оның мас болғаны анықталды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досановтың айтуынша, жәбірленуші ауруханадан өз еркімен шығып кеткен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!