{metadescription}
Елімізде бірнеше полицей сотталды

Елімізде бірнеше полицей сотталды

Ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлайды. Өткен аптада республика өңірлерінде әр түрлі қызмет атқарған полиция қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шықты. 

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының үкімімен жол-патрульдік полиция полкінің рота командирі, полиция майоры М.Каскинге айыппұл салынды. Тәртіп сақшысы жеке тұлғадан жүк көліктерінің кедергісіз жүруі мен жалпы қамқорлығы үшін пара алған.

Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен Жітіқара қаласы полиция бөлімі ЖПҚ бөлімшесінің бастығы, полиция майоры К.Ысқақовқа 15 миллион теңге айыппұл салынды. Ол қол астындағы қызметкерлерден пара алып, билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Дәл осы соттың үкімімен билігін асыра пайдаланып, жеңгетайлықпен айналысқандарға қамқорлық көрсеткен облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілдері, полиция майоры М.Ерболұлы мен полиция капитаны А.Саков 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен Үлбі полиция бөлімінің аға тергеушісі Д. Алқанов 7,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған адамдар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ полиция офицерлерінің арнаулы атақтарынан айырылған. Айыппұлға сотталғандарға сот оларды төлеу үшін әр түрлі мерзімдерді белгіледі және айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілді.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде