Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Талдықорғанда ер адам өз-өзін пышақтап тастады
Талдықорғанның полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған 33 жастағы азаматты өлімнен аман алып қалды.
16:21 09.07.2019
Өмірімен қоштасқысы келген азамат денсаулығына байланысты психикалық диспансерде тізімде тұрғаны анықталды. Оқиға 8 шілдеде болған. 102 пультіне жатақханалардың бірінде 33 жастағы ер адамның суицид жасағалы жатқаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына бірден учаскелік полицей Алмас Ақышев пен Берік Искаков, командир Марат Абылхамитов жеткен.
Тәртіп сақшылары аз уақытта мән-жайды анықтаған. Олар ер адамның қолында асүй пышағы мен от тұтатқыш болғанын көріпті. Ер адам газ баллонына жақын тұрған екен. Полицейлер ер адамның қолынан от тұтатқышты тартып алады. Алайда осы кезде ер адам мойны мен қолына пышақ сұғып үлгеріпті. Тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырып, ер адамды дәрігерлерге тапсырды.
Қазіргі уақытта ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дәрігерлердің бақылауында. 33 жастағы азаматтың не себепті суицидке әрекеттенгені бойынша терсеру жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram