Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Универсиада -2019: Зоя Кравченко стенд атудан күміс иеленді
Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан командасы кезекті медалін жеңіп алды.
08:21 10.07.2019
Стенд атудан Зоя Кравченко күміс жүлде иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. Ол «скит» бағдарламасы бойынша италиялық Чиа Марзиантонионы алға жіберіп, екінші орынға табан тіреді. Үшінші орында чехиялық Хана Адамкова. Еске сала кетейік, Кравченко ел қоржынына үшінші күмісті салып отыр.
Бұған дейін гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими екінші сатыға тұрақтаған болатын. Сондай-ақ, Ғалымжан Қырықбай дзюдодан алтын, Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан қола жүлде еншіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram