{metadescription}
Елордада элиталы тұрғын үйлердің бірі өртенді

Елордада элиталы тұрғын үйлердің бірі өртенді

Нұр-Сұлтанда зәулім «Ұлыбритания кварталы» тұрғын үй кешені өртенді.

ІІМ ТЖК мәліметінше, 9 шілдеде 19:39-да Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД "101" кезекші пультіне Алматы ауданындағы Сарқырама көшесінің қиылысында орналасқан «Ұлыбритания кварталы» тұрғын үй кешенінің алтықабат үйлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

«Қалыптасқан жағдайды ескере келе өрт сөндіретін 4 учаске белгіленді. Бәрінен бұрын шатырдың өзгеше жобалануы біршама қиындық туғызды, онымен бірге жылдамдығы 13 м/с болатын жел де өртті сөндіруге айтарлықтай кедергі жасады. Қабылданған шаралардың арқасында жалын 21:56-да ауыздықталып, 23:02-де сөндірілді. Тілсіз жау 600 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға салдарынан үйдің шатыры ішінара өртеніп кетті, сондай-ақ кешеннің мансард қабатында орналасқан 4 пәтер бүлінді», - делінген хабарламада.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде