{metadescription}
Оралда ер адамды тірідей жерге көміп кеткен

Оралда ер адамды тірідей жерге көміп кеткен

Қайғылы жағдай Оралдағы Құс фабрикасы ауданындағы саяжайда орын алған.

Эксковатор жүргізушісі қазу кезінде жұмысшының біреуін кездейсоқ жер астына көміп кеткен. Жұмысшының мүрдесі шұңқырдан тек екі күннен кейін туыстарының іздестіруінен соң ғана табылған. 65 жастағы саяжайдың тұрғынын туыстары 6 маусым күні жұмыстан келмеген соң іздей бастаған. Ол сол күні эксковатор жүргізушісіне шұңқырды қазуға көмектескен екен. 

«Жұмыстан кейін оны іздей бастаған. Әйелінің айтуынша, ол ешуақытта алкогольдік ішімдік ішкен емес екен. Жұмысшыны полиция екі күн бойы іздеген. Еш жерден таппаған соң, қазған аймақты ашып қараған. Сөйтсе ол сол шұңқырда көміліп қалыпты», – дейді саяжай тұрғыны Асхат Баетов. 

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті. «Абайсызда өлімге әкеп соқтыру» бабы бойынша іс қозғалды. Ал тұрғындар қазу кезінде көз жұмған жұмысшының өліміне саяжай төрағасын кінәлауда. 

Дереккөз: Stan.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде