Қайтыс болған әйелдің жатырынан дені сау сәби дүниеге келді
АҚШ-тың Ойаго штатында алғаш рет әйел адам қайтыс болған келіншектің жатырын ауыстырып салғаннан кейін дүниеге сәби әкелді.
18:21 11.07.2019
Ғалымдар 10 әйел қатысқан тәжірибе барысында көз жұмған келіншектің жатырын пайдаланған. Олардың әрқайсысы жатырдағы бедеулікпен ауырады. Хирургтер 2015 жылы жобаны бастағаннан бері ағза транлсплантациясы бойынша 5 ота жасап, олардың үшеуі сәтті аяқталған.
Осындай оталардың бірінің нәтижесінде, биылғы жылдың маусым айында АҚШ-та нәресте өмірге келді. Қазіргі уақытта екі пациент эмбрион орнатылуын, тағы бірнеше қатысушы жатыр трансплантациясын күтуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!