Алакөлге бара жатқан автобус өртенді
Семей-Алакөл бағытындағы жолаушылар микроавтобусы, жанып кетті.
13:54 12.07.2019
Оқыс оқиға 12 шілде күні болған, деп хабарлайды Алтайньюс. Үржар ауданы ТЖ қызметінің «101» пульт нөміріне Үржар-Таскескен автожолының бойында микроавтобустың жанып кеткені туралы хабар түскен. Өртті сөндіруге Үржар ауданының Төтенше жағдай қызметіндегі жеке құрамның 4 маманы мен 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылып, сағат 6:30-да өшірілді.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдай қызметі автокөліктерге қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтауды және өздерімен бірге өрт сөндіргішті алып жүруді ескертеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!