ШҚО-да шахта жұмысшысы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Орлов шахтасында кен қабаты құлап, бір жұмысшы қаза тауып, бір жұмысшы жараланған.
18:19 13.07.2019
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша корпоративтік байланыстар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. KAZ Minerals мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 03.00 шамасында «Востокцветмет» ЖШС Орлов шахтасының аумағында болған. «Востокцветмет» кәсіпорнына тиесілі Орлов шахтасы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент ауылында орналасқан.
Тау-кен массасының опырылуы салдарынан Орлов шахтасының бекітушісі қатты жарақат алып, қайтыс болды. Жараланған жұмысшы ауруханаға түскен. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оның өміріне еш қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!