{metadescription}
Қостанайда жедел-жәрдем көлігі аударылып, бірнеше адам жарақаттанды

Қостанайда жедел-жәрдем көлігі аударылып, бірнеше адам жарақаттанды

Қостанай қаласында жедел-жәрдем көлігі аударылып, бірнеше адам зардап шекті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваның сөзінше, жол-көлік оқиғасы бүгін Баймағамбетов-Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған.

«Жедел-жәрдем қызметі инфарктке шалдығу қаупі бар пациентті ауруханаға алып бара жатқан. Көлік жүргізушісі дабыл белгілерін қосқан. Алайда, жол қилысына шыққан той кортежінің Hummer көлігі жедел-жәрдем қызметіне соқтығысты. Оқиға салдарынан төрт адам зақым алды», -деді К.Жылқыбаева.

Инфарктке шалдығу қаупі бар науқас бас жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Жәбірленушінің жұбайы, көлік жүргізушісі мен фельдшер жарақаттану бөлімінің көмегіне жүгінген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.