Пенальти соққысын қайтарған футболшы жүрегі тоқтап ажал құшты
Аргентинаның Санта-Фе провинциясында әуесқой командалардың матчында 17 жасар қақпашы жүрек талмасынан көз жұмды.
10:40 14.07.2019
Ойын кезінде алаңда медиктер болмаған, футболшының ауруханасына досы жеткізген. Қайғылы оқиға 9 шілдеде болған. Пенальти соғылған соң, қақпада тұрған жігіттің жағдайы күрт нашарлаған. Қайғылы оқиға көрермендердің видеосына түсіп қалған. Кадрда допты соғылған соң, қақпада тұрған жігіт бірнеше қадам жасап, есінен танып, көгалға құлайды.
Басылымның мәліметтері бойынша, төтенше жағдай кезінде стадионда медиктер болмаған. Футболшыны шұғыл түрде ауруханаға досы жеткізген. Алайда, дәрігерлер жігіттің өмірін сақтап қала алмады.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!