Para Powerlifting–2019: Қазақстан қоржынында 4 медаль түсті
12 шілде елордада Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты басталды.
11:16 14.07.2019
Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар 4 жүлдені еншіледі. Әлем чемпионатының алғашқы күні юниорлар арасында өтті. 45 кг жоғары салмақ дәрежесі бойынша әйелдер арасындағы бәсекеде Тұрсынай Қабыл 57 кг нәтижемен алтын медаль алса, осы салмақ дәрежесіндегі күміс жүлде де Қазақстан қоржынына түсті. Оны 45 кг нәтижесімен Сандуғаш Ақанова сыйлады.
Олардың алдында юниорлар арасында 49 кг жоғары салмақ дәрежесінде Ерболат Қарыбай 91 кг нәтижемен қола медаль әкелсе, 54 кг жоғары салмақ дәрежесінде Захар Буимов ел қоржынына күміс жүлдені салды. Оның нәтижесі – 95 кг.
Осылай жарыстың алғашқы күнін сәтті бастаған қазақстандық спортшылар 20 шілдеге дейін әлемнің 78 елінен келген 450-ге жуық атлетпен жарысады. Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты EXPO Конгресс-орталығында өтіп жатыр. Залға көрермен ретінде кіру – тегін.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!