Жамбыл облысында жол апатынан 2 полицей мен 1 өзбек азаматы қайтыс болды
Полицейлер мінген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар Алматы - Екатеринбург тасжолында жол апатына ұшырады.
12:55 14.07.2019
Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Ағымдағы жылдың 13-ші шілдесінде сағат 17.35-те Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Алматы-Екатеринбург тас жолының 380-ші шақырымында «SsanYong» маркалы қызметтік автокөлігінің аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері мен Өзбекстан Республикасының бір азаматы қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзушыларды жеткізу кезінде болған»,-делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!