Қостанайда балаға футбол қақпасы құлап көз жұмды
Қостанайда үстіне футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды.
13:31 14.07.2019
Қостанай балалар ауруханасында футбол қақпасының астында қалып қойған бала Намик Шишинов қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы марқұмның туыстары хабарлаған. Жасөспірімді дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға ауыстырмақ болған. Бұл туралы басылымға баланың туыстары хабарлаған. Олардың айтуынша, баланың жағдайы түнде бірден нашарлаған. Таңертең қайтыс болған.
Еске салайық, Қостанайда футбол қақпасының құлауы салдарынан 16 жасар жасөспірім зардап шекті. Оған бірнеше рет ота жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Бала жасанды жолмен тыныс алып жатқан еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!