Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанай облысында ер адам үйінде өртеніп кетті
Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ер адамның мәйіті табылды.
01:13 15.07.2019
Бұл туралы Қазақпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.
«13 шілде күні 22:22-де өртке қарсы қызмет пультіне Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылындағы жеке үйдің өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Үйдегі өрт жақын маңдағы шаруалық құрылысқа өткен және жалпы 180 шаршы метр аумақты от шарпыған», - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 00:54-те толық сөндірді. Оған Қостанай облыстық ТЖД 7 маманы мен 2 техникасы жіберілді. Оқиға орнынан 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram