{metadescription}
Су тасқынынан 11 адам ажал құшты

Су тасқынынан 11 адам ажал құшты

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында 2,6 млн астам адамға су тасқынынан қатер төніп тұр.

Табиғат апатынан осы уақытқа дейін 11 адам көз жұмды. Оған бір аптадан бері толассыз жауған нөсер себеп болды. Су тасқыны 3 мыңға жуық елдімекенді қамтыған. 17 мың адам жергілікті билік ұйымдастырған уақытша лагерьге жайғастырылды. Жергілікті NDTV телеарнасының мәліметінше, штаттағы 33 округтың 28-інде сел жүріп, 87 мың гектер ауыл шаруашылығы жері су астында қалған.

Нөсер жауын мен су тасқыны Ассамның инфрақұрылымын қиратып кетті, көптеген жолдар мен көпірлер бүлінген. Атақты Казиранга қорығының басым бөлігін су басты. Айта кетейік, мұнда үнді мүйізтұмсығы және басқа да сирек кездесетін жануарлар мекендейді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде