Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Зеленскийдің кортежі апатқа ұшырады
14 шілде күні Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі балалар мінген автобустар колоннасына соғылды.
10:25 15.07.2019
Бұл туралы Украина Мемлекеттік күзет басқармасының Facebook-тегі хабарламасында айтылады. Зеленскийдің өзі көлік ішінде болған жоқ. Ол Киевке ұшақпен кеткен. Оқиға орнынан түсірілген суреттерден жеңіл көліктердің қатты зақымданғанын байқауға болады. Автобустардың бірі жолдың шетіне шығып кеткен.
Страна.ua басылымының хабарлауынша, жол апаты балаларды демалыстан әкеле жатқан автобустар колоннасын Владимир Зеленский кортежінің екі Volkswagen Touareg көлігі мен президенттің қауіпсіздік қызметі микроавтобусы оза бастағанда болыпты. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram