Талдықорғанда күйеуі өз әйелін пышақтап өлтірді
Талдықорғанда күйеуі әйелінің екі жерінен пышақ сұғып өлтірген.
15:14 15.07.2019
Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 12 шілде күні қалада жалға берілетін пәтерлердің бірінде ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шыққан. Ашуға берілген күйеуі әйеліне екі рет пышақ сұғып алған.
«Күдікті қылмысты жасыру үшін өлтіргеннен кейін әйелінің денесін тұрғын үйдің жертөлесіне жасырған. Оған досы көмектескен. Екеуі де ұсталды. Әйелдің өлі денесі табылды», - деп хабарлады Алматы облысы бойынша ПД-нің баспасөз қызметі.
Адам өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмысты Талдықорған қаласының полициясы тергейді. Оқиға орнынан табылған қару ас үй пышағы екені анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!