Алматыда жарықтың неліктен өшіп қалғаны белгілі болды
Қаланы қамтамасыз ететін электр станцияларының бірінде апат болған.
15:46 15.07.2019
Қаланы қамтамасыздандырып отырған электростанциялардың бірінде авария болған. Салдарынан әкімшілік мекемелер, тұрғын үйлер, ауруханалар мен қоғамдық орындар жарықсыз қалды. Энергетика министрлігі Алматыдағы жарықтың сөнуіне қатысты пікір білдірді.
Бүгін Алматы қаласында Нұр-Cұлтан уақыты бойынша сағат 14.30-да электр энергиясы өшірілді. Нәтижесінде, бұл оңтүстік өңірдің энергетикалық жүйесіне, атап айтқанда ЖЭО-2 және ЖЭО-3 электр энергиясының генерациясына, сондай-ақ каскадтық ГЭС (Қапшағай) жұмысына әсер етті. Жүйенің істен шығу себептері анықталуда. Барлық қалпына келтіру жұмыстары басталды және жақын арада аяқталады.
Еске салайық, Алматы қаласы түгел жарықсыз қалғандығын хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!