{metadescription}
Бокстан Олимпиада чемпионы қайтыс болды

Бокстан Олимпиада чемпионы қайтыс болды

АҚШ-та жол апаты салдарынан әлемге әйгілі боксшы Пернелл Уитакер қайтыс болды.

Бокстан 1984 жылғы Олимпиада чемпионы Пернелл Уитакер АҚШ-тың оңтүстік-шығысында орналасқан Вирджиния-Бич қаласында жол апатынан қайтыс болды. Атақты спортшыны көлік қағып кеткен. Жүргізуші жедел жәрдем шақырған. Бірақ дәрігерлер боксшыны ажалдан аман алып қала алмады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Пернелл Уитакер 1964 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Лос-Анджелесте Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Кәсіби рингте америкалық төрт салмақ дәрежесінде чемпион болды. Өз карьерасында 40 жекпе-жек өткізіп, 35-інде жеңіске жеткен. Спорттық карьерасын 2001 жылы аяқтаған. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде