{metadescription}
Жамбылда 2 жасар бүлдіршін бассейнге батып, көз жұмды

Жамбылда 2 жасар бүлдіршін бассейнге батып, көз жұмды

Жамбыл облысы Қордай ауданында 2 жасар бүлдіршін ауладағы үрленбелі бассейндегі суға тұншығып, аудандық ауруханада қайтыс болды.  

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«15 шілде сағат 19:10-да Қордай ауданы Жамбыл ауылы Мәдениет к-сі, 9 мекенжайындағы тұрғын үйде үрленбелі бассейнде 2017 жылы туған қыз бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға батқан. Кішкентай қыз 16 шілде сағат 07:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасында көз жұмды»,- делінген ведомство хабарламасында.

Аталмыш департаменттің мамандары облыс тұрғындарын суда шомылғанда абай болып, ереже-талаптарды сақтауға, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.