{metadescription}
Түркістан облысында ірі жол апатынан 5 адам мерт болды

Түркістан облысында ірі жол апатынан 5 адам мерт болды

Бүгін, 16 шілдеде Түркістан облысындағы ірі жол апатынан бес адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды.

Бұл туралы Азаттыққа Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады. Оның айтуынша, оқиға 16 шілде күні сағат 13:15 шамасында Қазығұрт ауданы аумағында болған. Мәліметке қарағанда, Шымкент-Жібек жолы бағытындағы тасжолмен келе жатқан «Мерседес» маркалы шағын автобусы «Камаз» жүк көлігінің артынан соққан.

Салдарынан бес адам қайтыс болған. Түрлі дәріежеде жарақат алған алты жолаушы мен шағын автобустың жүргізушісі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Дереккөз: azattyq.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.