Президент бір күнде 22 шенеунікті қызметінен босатты
Украина президенті Владимир Зеленский 16 шілде күні 22 аудан әкімін қызметінен босату туралы өкімге қол қойды.
11:15 17.07.2019
Тиісті жарлықтар президенттің веб-сайтында 16 шілдеде жарияланған. Кейбір мәліметтерге сәйкес, лауазымды тұлғалардың қызметін тоқтатуы Украина экс-президенті Петр Порошенконың өкілеттігінің аяқталуымен байланысты.
Украиналық көшбасшы Ровен, Харьков және Хмельницкий облыстарындағы әкімшілік төрағалары мен Киевтің Оболон және Печерск әкімшіліктерінің басшыларын қызметінен босатқан. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұдан бөлек Зелинский бұған дейін Украинаның шет елдегі 12 елшісін ауыстырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!