Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Құтқарушылар өзеннен жас қыздың денесін алып шықты
16 шілдеде тәжік құтқарушылары "Султони Кабир" базары жанындағы Душанбинка өзенінен көпірден өзін тастап жіберген жас қыздың денесін алып шықты.
11:41 17.07.2019
Тәжікстанның төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, қаза болған қыз Душанбедегі Фирдауси ауданының 17 жастағы тұрғыны Хадиса Табарова екендігі анықталған.
«Бойжеткен Шерози даңғылындағы көпірден сейсенбі күні кешкі 18.30 шамасында секіріп кеткен»,- дейді мекеменің өкілі.
Хадиса Табарованың өлімі бойынша тергеу басталған. Тәжікстандағы әйелдер ісі жөніндегі комитеттің мәліметінше, 2018 жылы 236 тәжік әйелі өзіне қол жұмсаған. Көбінде мұндай жағдайға баруына отбасылық жанжал себеп болған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram