{metadescription}
Мемлекет ақшасына дастархан жайған министр қызметінен кетті

Мемлекет ақшасына дастархан жайған министр қызметінен кетті

Францияның экология министрі Франсуа де Рюжидің мемлекет қаражатын жөнсіз жұмсаған.

Мемлекеттік бюджет есебінен достарына түскі ас ұйымдастырды деген айып тағылған Францияның экология министрі Франсуа де Рюжи қызметінен кетуіне тура келді. Журналистер Франсуа де Рюжи Ұлттық ассамблея (Франция парламентінің төменгі палатасы) спикері қызметінде болған кезде де мемлекет қаражатына достарына дастархан жайғанын анықтады.

Ол парламент спикері болған кезде мұндай әрекетке кем дегенде 10 рет жол бергені анықталды. 30-ға жуық адамды Франция мемлекетінің қаражатына тамақтандырып, қонақ қылған. Қонақтарына парламенттегілерге ғана құюға рұқсат етілген шарапты құйып, қымбат теңіз шаяндарымен күткен.  

Бұдан бөлек, Франсуа де Рюжи қызмет пәтеріне 63 мың еуроға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ол ақшаны бюжет есебінен алған. Мұнан бөлек саясаткер Францияның батысындағы Нант қаласынан мемлекетке тиесілі пәтерді жеңілдікпен жалдаған. Франсуа де Рюжи журналистерді өзіне жала жапқаны үшін сотқа берген. Бірақ қызметінен кетуіне тура келіпті. Қазір оның орнына Элизабет Борн тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.