Алматыда ыстықтан асфальт балқып кетті
Алматы қаласының тұрғындары әлеуметтік желіге қатты ыстықтан балқып кеткен асфальттің суретін салып жатыр.
12:45 19.07.2019
Пост авторы әлеуметтік желідегі суреттер Тимирязев көшесінде түсірілгенін жазады. Балқыған асфальтты ойып жіберген - қоғамдық көліктердің ауыр салмағы. Онда BRT желісімен жоғары жылдамдықтағы автобустар жүреді. Асфальттің еріп кеткен айрықша суретін қала тұрғындарының бірі Twitter желісінде жариялаған. Онда ол:
"Тимирязев көшесінде асфальт еріп кетті", - деп жазған.
Ол бұл хабарламада қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты белгілеп қойған. Айта кетейік, ал Шымкентте +55 градус ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!