Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мигранттар мінген автобус аударылып, 16 адам қаза тапты
Түркияның Ван провинциясында заңсыз көшіп-қонушылар мінген шағын автобус аударылды.
19:03 19.07.2019
Салдарынан 16 адам қаза тапты және 51 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Анадолу. Жол-көлік оқиғасы Ван-Озалп жолында Ипекйолу ауданына жақын жерде болған. Жүргізуші рульді басқара алмай, шағын автобус жыраға түсіп кеткен.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен құтқарушылар келді. Зардап шегушілер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Ван провинциясының губернаторы Мехмет Эмин Билмездің хабарлауынша, кейбір жарақат алғандардың жағдайы ауыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram