{metadescription}
Бірде-бір рет жеңілмеген боксшы жекпе-жектен кейін шұғыл ауруханаға жеткізілді

Бірде-бір рет жеңілмеген боксшы жекпе-жектен кейін шұғыл ауруханаға жеткізілді

Бірінші жартылай орта салмақта бокстасатын спортшы кездесуді 11-раундта тоқтатуға мәжбүр болған.

Ресейлік боксшы Максим Дадашев пуэрторикалық Субриэль Матиаспен өткізген жекпе-жегінен кейін ауруханаға жеткізілді. Американың Оксон Хилл қаласында өткен кездесуде Матиас жеңіске жеткен болатын. 11-раундтан кейін 28 жастағы ресейлік спортшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Кездесуден кейін Дадашевтің жағдайы нашарлай түскен. Есінен танған спортшы ауруханаға жеткізілді. Сайттың мәліметіне сәйкес, ресейлік боксшының миы ісіп кеткен. ESPN тілшісі Стив Ким өзінің Twitter-дегі парақшасында Дадашевке екі сағаттық ота жасалғанын хабарлады. Жағдайы ауыр. Бұл – Дадашевтің карьерасындағы алғашқы жеңілісі. Бұған дейін ресейлік боксшы 13 кездесудің 11-ін нокаутпен аяқтаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде