{metadescription}
Ұйқыға кеткеннен оянбады: төрт бала жидектен уланып, біреуі қайтыс болды

Ұйқыға кеткеннен оянбады: төрт бала жидектен уланып, біреуі қайтыс болды

Солтүстік Қазақстанда 4 бала қасқыр жидек жеп уланды.

Қайғылы оқиға 16 шілде күні Уәлиханов ауданындағы көпбалалы отбасында болған. Келесі күні үш бала санавиациямен Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Отбасының 5 жасар баласы қайтыс болды.

Бүлдіршін ұйықтаған күйі оянбай қойған. Кейін анықталғандай, балалардың анасы ештеңеден сезіктенбеген. Оның өзінің де жүрегі айнып, лоқсыған. Бірақ қалыпты жағдайға балап, мән бермеген. 

«11 және 8 жасар жеткіншектер мен 8 айлық нәресте ауруханаға жатқызылды. Балалар жақында белгісіз бір жидекті жегендерін айтты. Келіп түскен кезде үшеуінің де жүрегі айнып, лоқсыды, іші өтті. Балалардың жағдайы өте ауыр болатын. Ем-дом дезинтоксикациялық терапияға бағытталды. Келесі күні балалар тәуірленіп, нефрология бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты, ауруханадан шықты», - дейді облыстық балалар ауруханасының анестезиолог дәрігері Екатерина Живнодей. 

Қасқыр жидек – аса улы өсімдіктердің бірі. Оның бес жидегін жегеннің өзінде өмірге қауіп туындайды.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде