Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бердымұхамедовтің өлімі туралы ақпарат жоққа шығарылды
Түрікменстан президентінің өлімі туралы жалған ақпарат таратқан саясаткер кешірім сұрады.
11:38 22.07.2019
Еуразиялық проблемалар мониторингі орталығының директоры Аслан Рубаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпараттың расталмағанын айтты. Ол жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады.
Бұған дейін саясаткер Аслан Рубаев "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұқбатында Түрікменстан басшысы демалыс кезінде көз жұмды деген болатын. Ол арнайы қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасаған.
Кейін ол өзінің Facebook парақшасында Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Мен Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпараттың расталмағанына өте қуаныштымын. Президенттің туыстары, жақындары мен барша Түркіменстан халқынан кешірім сұраймын. Бұған дейінгі ақпарат жоққа шығарылды", - деп жазды саясаткер.
Аслан Рубаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпарат оның көптен бері көрінбей кеткеніне байланысты туындауы мүмкін екенін айтты.
Еске сала кетсек, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов қайтыс болғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Серіктестер жаңалықтары