Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жүкті әйел аяғына массаж жасатам деп көз жұмды
Таиландтың Чиангмай қаласында жүкті әйел аяғына массаж жасатуға барады.
13:43 23.07.2019
Ол массаждан соң комаға түсіп, жарты жылдан соң көз жұмды. 25 жастағы Вираван Кедкесри 11 қаңтар күні табаны мен балтырына массаж жасатып жатып, есінен танып қалды. Оны дере ауруханаға жеткізді.
Жедел жәрдем бөлімінде науқас инсульт алып, жүрегі тоқтап қалды. Осыған байланысты түсік тастады. Дәрігерлер өкпе тромбоэмболиясы деген диагноз қойды. Әйел комада жатты. Жарты жылдан соң туыстары оның өмір сүру мүмкіндігі жоқ деп аппараттан ажыратты.
"Бізге мұндай шешім қабыладу қиын болды. Алайда ол енді өмірмен қоштасады", - дейді әпкесі Чайват Камя.
Жергілікті полиция әйелге массаж жасаған Сутаньи Кавиге қатысты айыптар тақты. Таиланд билігінің мәліметінше, массажисттің жүкті әйелдерге массаж жасауға біліктілігі жетпеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram