Жүкті әйел мерт болды: Ақтау маңында жантүршігерлік жол апаты болды
Жантүршігерлік жол апаты Ақтау қаласына жақын маңда болған.
10:35 25.07.2019
Маңғыстау облысындағы Ақтау-Құрық тас жолында көлік апатынан жүкті әйел қаза тапты. Деректер бойынша, жол апатынан екі бала мен бірнеше адам зардап шеккен. Көліктердің бірінде болған жүкті әйел оқиға орнында көз жұмыпты.
Нақты қанша адам зардап шеккені әзірге хабарланған жоқ. Жол апаты 24 шілдеде Ақтау-Құрық тас жолында болған. Желіде оқиға орнында түсірілген фото және видео жарияланды. Кадрларға қарағанда, кем дегенде екі көліктің быт-шыты шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!