{metadescription}
Нұр-Сұлтанда полицейлер жезөкшелер қызмет ететін 5 пәтерді анықтады

Нұр-Сұлтанда полицейлер жезөкшелер қызмет ететін 5 пәтерді анықтады

Полиция қызметкерлері ақылы интимдік қызмет көрсететін адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар өткізді. 

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел және алдын алу шараларының мақсаты - адам саудасы, ақшаға интимді қызмет ұсыну қылмыстарын ашу және жолын кесу болды, деп жазады stan.kz. Полиция департаментінің қызметкерлері ақылы қызмет көрсететіндерді анықтау мақсатында жедел-алдын алу шараларын жүргізді. Іс-шаралар Гете және Оңтүстік-Шығыс ауданындағы теміржол вокзалының жанында өтті.

Тексеру барысында полиция ақылы интимдік қызмет көрсететін 48 әйелді анықтады. Олардың 12-сі - жақын шетел азаматтары, оларға қатысты иммиграциялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды.

Олар Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне жеткізілді. Сонымен қатар, полиция теміржол вокзалының аумағында 5 жалдамалы пәтерді анықтады, онда ақылы қызмет көрсетілген. Пәтер иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, жеңгетайлықпен айналысқан 4 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.