{metadescription}
Шашын екі жыл жумаған бойжеткен қандай нәтижеге қол жеткізгенін айтты

Шашын екі жыл жумаған бойжеткен қандай нәтижеге қол жеткізгенін айтты

2017 жылы Финляндияда студент қыз Иирис Хейккинен No Poo Method қозғалысының қызметіне тексеріп көрді.

Оның мүшелері шаш жууға табиғи заттар ғана қолданады немесе мүлде шашын жумайды. Бойжеткен сусабыннан бас тартып, екі жылда алған әсерімен бөлісті. Оның жалтыраған щашына қарап шашын мүлде жумайды дегенге сену қиын.  

Иирис көптеген косметикалық заттардан кейін шашының түбі қышығанын айтады. Ол көптеген әдістерді қолданғанымен, одан арыла алмаған. Бойжеткеннің бастапқыда басын жумағандықтан шашы майлана бастады. Бірнеше аптадан соң шашы қайта бұрынғы қалпына келе бастайды. Тіпті одан да әдемі көрінген. 

Содан бері ол шашын сусабынмен жумаған. Ол тек шашын сумен ғана жуып, жұмсарту үшін какос майын жағады. Кейде ним жапырағынан жасалған ұнтақ қоланады. Ол Үндістанда медициналық мақсатта қолданылатын жапырақ. Иирис шашының түсі де ақшылданып, қалыңдай бастағанын айтты. 

Студенттің айтуынша, сусабын қолданбаған жағдайда уақыт өте адам ағзасы қалпына келіп, өздігінен тазалана бастайды. Ал, сусабын құрамындағы заттар мұндай мүмкіндікті жоя береді. Ол шашынан майдың иісі де шықпайтынын жеткізді. 

"Маған шашымның қандай иіс шығарып тұрғанын аңғару қиын, бірақ өзіме иісі жақсы секілді көрінеді. Шашымнан жағымсыз иіс шыққанын ешкім айтқан емес", - деді ол. 

Иирис шашын алдағы уақытта да сусабынмен жуатын ойы жоқ. Студент қыз бұл әдістің бәріне қолайлы екенін айтады. Ал, тершең адамдар, спортшылар мен моншаны жақсы көретіндер көп уақыт душқа жуынып немесе өзіне қолайлы әдіс табуы керек. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде