Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Каспий теңізіне ұшақ құлады
Түнгі оқу-жаттығуға шыққан ұшақпен байланыс аяқ асты үзілген.
Фото: Владимир Астапкович
18:20 25.07.2019
Әзербайжан әскери әуе күштерінің МиГ-29 ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Оқиға 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша түнгі 22.00-де болған. Түнгі оқу-жаттығуы кезінде МиГ-29 жойғышымен байланыс күрт үзіліп, ұшақ радардан жоғалып кетеді. Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі Каспий теңізіне құлаған. Қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram