{metadescription}
Босанып қалды: Әйел жүктілігін бүйрегіндегі таспен шатастырып алған

Босанып қалды: Әйел жүктілігін бүйрегіндегі таспен шатастырып алған

Әйел жүктілігін бүйрегіндегі таспен шатастырып алған. 

Англиялық Челтнем ауданындағы Глостершир карольдігінде тұратын әйел жүктілігін бүйрегіндегі тас екен деп ойлап, аяқастынан босанып қалған. Көпбалалы ана Сэффрон Сноу 2017 жылдың қыркүйегінде белі мен іші қатты ауырып, жедел жәрдем шақырғанын айтты. Әйел бүйрегінде тас бар екеніне сенімді болған. 

"Дәрігерлер келген кезде, меннен "Жүкті болуыңыз мүмкін бе?" деп сұрады. Бірақ мен оларға жарты жыл бұрын спираль салғызғанымды айттым", - дейді Сэффрон Сноу.

Медбике 33 жастағы келіншекті тексеріп, оның жүктіліктің соңғы айында екенін анықтаған. Әйел перзентханаға жеткізіліп, сегізінші баласын босанған. Ол ұлының атын Артур деп қойған екен. Сэффрон Сноу соңғы айда үш рет дәрігерге барып бүйрегін тексерткен. Бірақ, дәрігер келіншектен жүктіліктің белгілерін байқамаған. 

"Балаларым меннен осы уақытқа дейін Артурды қайда тығып қойдың деп сұрап, қатты таңқалады", - дейді Сэффрон Сноу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде