Босанғаннан кейін толып кеткен келіншек 22 келі салмақ тастады
27 жастағы Тесс Папайоанну арықтауды 2016 жылы бірінші қызын дүниеге алып келгеннен бастап қолға ала бастаған.
17:57 29.07.2019
Ол босанғаннан кейін 74 келі салмаққа жеткен. Сырт-келбетіне қарап өзін жек көріп кеткен Тесс артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастаған.
«Мен өзімді ыңғайсыз сезіндім. Жүкті кезімде ішім ғана шығып тұрмады. Әр жерімді май басып кетті. Бұл түрім өзіме ұнамады», – дейді Тесс.
Тесстің айтуынша, ол осы жасына дейін жаттығу залына бармаған. Өйткені мотивация болмаған. Күйеуі алты күн бойы жұмыста болғандықтан, үйдің жұмысы өзіне қалған. Бірақ келіншек айтқан бетінен қайтпастан күніне 28 минуттан жаттығу жасап отырған. Ол күн сайын гантель көтеріп және кілемнің үстінде жаттығыпты.
Жеті айдан кейін ол 18 келі салмақ тастаған. 2018 жылы Тесс екінші қызын босанғанда да осы жаттығуын жасайды. Бұл жолы ол 14 келіге арықтаған. Ал қазіргі салмағы – 52 келі екен. Австралиялық әйел қыз-келіншектерге үйден шықпай-ақ арықтауға болатынын айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары