{metadescription}
Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Астана LRT" ЖШС экс-басшысы Талғат Арданды Интерпол арқылы іздеп жатыр. Компанияның қазіргі басшысы Ержан Игенбердиевтің айтуынша, қылмыстық іс қозғалды. Бұрынғы басшыны қамауға алу туралы нұсқау да бар.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі қозғады. Қамауға алу туралы қолдаухат бар. Соттың сырттай шешімі де шығарылды. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде осы мәселемен Интерпол айналысып жатыр", - деді Игенбердиев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде