Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Гонконгта екі автобус соқтығысып, 77 адам зардап шекті
Гонконгтағы Тай Лам тунеліне жақын маңда қос екі қабатты автобус соқтығысып, 77 адам зардап шекті.
13:14 30.07.2019
Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы үкіметінің ақпараттық қызметтер департаментінің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:30 шамасында Гонконг өрт сөндіру күзеті департаментіне Жаңа аумақтардағы (Гонконгтың арнайы әкімшілік аудандарының үшеуінің бірі) басты көлік түнелінде екі автобустың соқтығысқаны туралы хабар келіп түскен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 77 адам жарақат алды. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің көпшілігі жеңіл жарақат алып, әртүрлі ауруханаларға жеткізілген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, автобустардың бірінің кейбір жолаушыларының сөзінен белгілі болғандай, жол апаты кезінде көлік рұқсат етілген жылдамдықпен келе жатқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram