Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында жолға таласқан жүргізушілер қарумен оқ атысқан
Түркістан облысында жүргізушілер жолды бөлісе алмай, соңында оқпен атысты.
10:06 31.07.2019
Полиция бөлімшесіне аудандық ауруханадан ер адамның мылтық оғынан жараланғаны туралы хабарлама келді. Полиция анықтағандай, қала көшелерінің бірінде екі жүргізуші жолды өзара бөлісе алмаған. Жанжал кезінде белгісіз біреу жәбірленушіге травматикалық қарудан оқ жаудырып, оқиға болған жерден қашып кеткен.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша тіркелді.
«Қылмысты ашу үшін полицейлер бұзақылыққа қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған барлық жедел шараларды өткізді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция күдікті Ленгер қаласының тұрғынын ұстады. Айғақты зат ретінде полиция травматикалық тапаншаны тәркіледі. Күдікті қамауға алынды », - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қаруды қолдану арқылы бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram